«Тауар биржалары мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын және Тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 729 бұйрығы (2019.03.09. берілген өзгерістермен)
Тауар биржалары мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын және Тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 729 бұйрығы
(2019.03.09. берілген өзгерістермен)
Осы бұйрыққа күші жойылды деп тану туралы ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2025 жылғы 20 наурыздағы № 116-НҚ бұйрығын қараңыз (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-6) тармақша және 17-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Тауар биржалары мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидалары 1-қосымшасына сәйкес;
2) тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптары 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қағидалардың 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетін 2-қосымшасын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
М. Құсайынов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев
2015 жылғы «___» ________
Демо – версия документа