Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚОЛЖЕТІМДІ КРЕДИТ БЕРУ МІНДЕТІН ШЕШУ ҮШІН ҰЗАҚ МЕРЗ...

Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 Қаулысы

(2021.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2021.31.03. № 194 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі;

2) Ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін.

2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) Жол картасында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жарты жылдық негізде есепті айдан кейінгі айдың 30-күніне қарай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жол картасының 4-тармағын қоспағанда, Жол картасы іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

ҚР Үкіметінің 2019.28.06. № 459 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.31.12. № 1061 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.31.03. № 194 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тетігі жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2018 жылғы 11 желтоқсандағы

№ 820 қаулысымен

бекітілген

 

 

Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг

 тетігі

 

1. Қызметін өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі - ЖКС) қолдау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның (бұдан әрі - АНК) 2018 - 2021 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі - ЕДБ) қаржыландыруының жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін.

«Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - ҚДБ) жобалары ҚДБ-ның өз қаражаты (нарықтық қорландыру) есебінен ғана қаржыландырылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку