(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ К...
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 22 ақпандағы № 11 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11162 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 3, 4, 14, 18 және 19-қосымшалардың қолданысы 2021 жылғы 30 маусымға дейін, қоса алғанда, тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде:
3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады;
4-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады;
14-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады;
Редакция документа
Демо – версия документа