(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «TURKISTAN» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ»...
«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 Қаулысы
(2019.13.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2043 жылға дейінгі кезеңге «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже, оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің сындарлы деңгейі бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 693 қаулысымен
бекітілген
«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2019.08.05. № 266 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.13.11. № 846 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы Түркістан облысының аумақтық шекарасы шегінде, қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан.
АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 3014 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына 5 субаймақ: ауданы 297 гектар тарихи орталық, ауданы 1350 гектар әкімшілік іскерлік орталық, ауданы 365 гектар және 35 гектар өнеркәсіптік аймақтар, ауданы 967 гектар әуежай кіреді.
1) Түркістан қаласын жеделдете дамыту;
2) Түркістан қаласының туристік әлеуетін жоғарылату және Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде одан әрі қалыптасу мен келетін қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, қанағаттандыра алатын тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды дамыту;
Редакция документа
Демо – версия документа