Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы» 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 және «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 350 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы» 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 және «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:

11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі Ұлттық комиссияның хатшысы болып табылады.

12. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімі Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Ұлттық комиссияның қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның лауазымдық құрамы осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:

14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі Ұлттық комиссияның хатшысы болып табылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку