Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ОРГАНДАРЫ ӨЗ ҚҰЗЫРЕТІ ШЕГІНД...

Бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 15 бұйрығы

 

Осы редакция 2017 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңына сәйкес, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңның 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сонымен қатар Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет минстрілігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында ресми жариялануын;

2) осы бұйрықты мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына жолдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку