(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.12.09 № 1041 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Координатор республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 1041 Қаулысы
(2014.19.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2012.31.03. № 407 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Координатор» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесімен «ТРМК Координатор» (бұдан әрі - Серіктестік) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні қызметтік ғимараттарды пайдалануды, көліктік қызмет көрсетуді және оларды жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Серіктестік Жарғысының бекітілуін;
2) Серіктестікті әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
3) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне беруді қамтамасыз етсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа