Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 Қаулысы (2024.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 Қаулысы

(2024.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2023.13.04. № 291 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 25 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары бекiтiлсiн.

2. «Мемлекеттiк бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 41, 461-құжат) мынадай өзгерiстер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережеде:

кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Ереже Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мекемелерi қызметкерлерiнің іссапар тәртібін айқындайды.».

9, 10, 11 және 12-тармақтар алып тасталсын.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2018 жылғы 11 мамырдағы

№ 256 қаулысымен

бекiтiлген

 

 

Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции