«Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларын, Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 189 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 88 Қаулысы
«Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларын, Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 189 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 88 Қаулысы
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 102-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларын, Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 189 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17579 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым - Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық есептілік депозитарийін жүргізу қызметін жүзеге асыруға уәкілетті «Ақпараттық-есепке алу орталығы» акционерлік қоғамы;
2) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсы - «www.dfo.kz» мекенжайы бойынша интернет желісінде орналасқан бұқаралық ақпарат құралы;
3) уәкiлеттi орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;
4) шығарылымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының кезеңі:
Демо – версия документа