(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ 2015.29.05...
Осы редакция 2016 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар
және даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 669 бұйрығына
2-қосымша
«Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдарымен (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті (бұдан әрі-куәлік) беру және (немесе) Жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен алып тастау туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама);
2) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 25-бабы 1-тармағымен қарастырылған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту (бұдан әрі - бас тарту) болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылдары тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімдерін (іс-қимылдарын) бастау үшін негіз болып көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығымен бекітілген, «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11428 тіркелген), (бұдан әрі - стандарт) 9-тармағына сәйкес өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процедурасының құрамына кіретін әр процедураның (іс-әрекеті) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
Редакция документа
Демо – версия документа