«Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 747 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы ереже бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 27 желтоқсан
№ 747
Президентінің
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 747 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы ереже
ЕРЕЖЕ
Осы ереже Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі мен өкілеттіктерін, сондай-ақ оның мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылының ұйымдастырылу ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысу тәртібін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан халқының Ассамблеясы (бұдан әрі - Ассамблея) - заңды тұлға құрмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме болып табылады.
2. Ассамблея қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Ассамблея туралы Заң), Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
3. Ассамблеяның қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.
2-тарау. Ассамблеяның функциялары мен өкілеттіктері
Демо – версия документа