«Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1048 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1048 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында көзделген іс-шара орындалғаннан кейін осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.
3. Мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен мекемелердің ережелерін бекітуді және олардың мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.
5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
6. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1048 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қайта ұйымдастырылатын аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Ақмола облысының Әдiлет департаменті Целиноград ауданының әдiлет басқармасына қосу жолымен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Ақмола облысының Әділет департаменті Аршалы ауданының әдiлет басқармасы.
Демо – версия документа