Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазспортинвест» акционерлік қоғамын және «Спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 292 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)

«Қазспортинвест» акционерлік қоғамын және «Спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 292 Қаулысы

(2015.28.08. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазспортинвест» акционерлік қоғамы оған «Спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 25 сәуірдегі

№ 292 қаулысымен

бекітілген

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции