«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 10 ақпандағы № 164-VIII Заңы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне:
14-баптың екінші бөлігінде:
«арнайы пошта жəшіктерінің» деген сөздер «арнаулы жəшіктердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Пошта жəшіктеріне» деген сөздер «Арнаулы жəшіктерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Арнайы пошта жəшіктері» деген сөздер «Арнаулы жəшіктер» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-тармақ 2024 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
2. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
544-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын.
3. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 25-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес уəкілетті орган» деген сөздер «уəкілетті орган халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы 2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
2) 39-баптың 2-тармағы 16) тармақшасындағы «қолдануды жүзеге асырады.» деген сөздер «қолдануды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайлардың сақталуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы 2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
3) 41-баптың 1-тармағы 3) тармақшасындағы «сақталуын тексереді.» деген сөздер «сақталуын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын.
«4) осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайлардың сақталуын тексереді.».
4. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 21-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Байланыс операторлары мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін жəне радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс жолдары мен арналарын ұсына отырып, мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде осы байланыс жолдары мен арналарында уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз етеді.»;
2) 23-баптың 4-тармағы:
«күзет қызметінің» деген сөздерден кейін «(президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Президенттік байланыс қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кəріздегі арналарды жəне техникалық құралдарды орналастыруға қажетті алаңдарды байланыс операторлары техникалық мүмкіндік болған кезде өтеусіз негізде ұсынады.».
5-тармақ 2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
5. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 16) тармақшасындағы «пошта жəшігінің мекенжайынан немесе» деген сөздер алып тасталсын.
6. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
23-баптың 6-тармағында:
5) тармақшаның бірінші бөлігіндегі «əкелуге» деген сөздер «əкелуге, өткізуге жəне өзге де беруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «пайдалануға беруге» деген сөздер «құруға немесе дамытуға, оның ішінде пайдалануға беруге» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
«5-2) жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес дара кəсіпкерлерді жəне жеке практикамен айналысатын адамдарды, заң консультанттарын қоспағанда, жеке тұлғалардың бақуаттылығын арттыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер немесе өзге де мемлекеттік қолдау нысандары;»;
2) мынадай мазмұндағы 21-2-баппен толықтырылсын:
«21-2-бап. Жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы
Жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы туралы хабархат (хабарлама), осындай шараны есепке алу жəне (немесе) алу мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіппен ақпараттандыру объектісі болып табылатын «əлеуметтік əмиян» арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ретте жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіппен өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы алынуы мүмкін.».
8. «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
16) тармақшадағы «осындай жөнелтілімді пошта жөнелтілімінде көрсетілген мекенжай бойынша адресатқа немесе жөнелтушіге» деген сөздер «пошта жөнелтілімін пошта жөнелтілімінде көрсетілген мекенжай бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) құндылығы жарияланған пошта жөнелтілімі - пошта жөнелтілімі (пошта карточкасынан басқа), оны беру кезінде жөнелтуші оның құнын пошта саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен растаушы құжаттарды ұсыну арқылы жариялайды;»;
24) тармақша алып тасталсын;
29) тармақшадағы «, оның ішінде пошта жəшіктерінен алу арқылы қабылданған» деген сөздер алып тасталсын;
31) тармақша «сенім білдірілген адамына» деген сөздерден кейін «не парольді (пин-кодты) енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен құқықты растау процесі арқылы адресаттың келісімін алу жолымен үшінші тұлғаларға» деген сөздермен толықтырылсын;
32) тармақшадағы «адресатқа жеткізу жəне (немесе) табыс ету үшін» деген сөздер «жеткізу жəне (немесе) табыс ету үшін пошта жөнелтілімін» деген сөздермен ауыстырылсын;
37) тармақшада орыс тіліндегі мəтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
42) тармақшадағы «адресатқа» деген сөз алып тасталсын;
43) тармақшадағы «уəкілетті орган бекіткен пошта жөнелтілімі бланкісінің нысанын толтыра отырып» деген сөздер алып тасталсын;
47) тармақшадағы «адресатқа немесе жөнелтушіге» деген сөздер алып тасталсын;
51) тармақшадағы «пошта жөнелтілімінің адресатына қолын қойғызып» деген сөздер «қол қойғызып» деген сөздермен ауыстырылсын;
52) тармақшадағы «пошта жəшіктері немесе», «адресатқа» деген сөздер алып тасталсын;
2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Пошта байланысы саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Пошта байланысы саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары пошта байланысы саласын дамыту, пошта байланысы саласындағы көрсетілетін қызметтер нарығын реттеу жəне кеңейту болып табылады.
2. Пошта байланысы саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасында пошта қызметін қалыптастыру мен дамыту, көрсетілетін пошта байланысы қызметтерін ұсыну жəне оларды іске асыруды ұйымдастыру;
2) пошта төлемінің мемлекеттік белгілерінің пошта айналымы жөніндегі қызметті реттеу.
3. Пошта байланысы саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) пошта байланысы саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуы;
2) Қазақстан Республикасының аумағында пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға көрсетілетін пошта байланысы қызметтерінің қолжетімді болуы;
3) пошта операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін пошта операторларының сақтауы;
4) Қазақстан Республикасының аумағында пошта жөнелтілімдері қозғалысының жəне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық пошта жөнелтілімдері транзитінің еркіндігі;
5) көрсетілетін пошта байланысы қызметтерін ұсыну жəне осы қызметтің нəтижелерін пайдалану кезінде жеке жəне заңды тұлғалар құқықтарының теңдігі;
6) пошта құпиясын қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасында ұлттық пошта желісінің дамуын жəне жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
8) пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға пошта байланысының қызметтерін көрсету кезінде пошта операторлары үшін пошта байланысы саласындағы қағидалар мен талаптар бірлігі.»;
3) 5-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік функцияларды, іске асыру жəне бақылау функцияларын жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары жəне мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес пошта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес пошта байланысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;»;
3), 4), 5), 6), 8), 17) жəне 18) тармақшалар алып тасталсын;
2-тармақтың 2) тармақшасы «, оның ішінде қажет болған кезде пошта байланысы бөлімшелерін сақтау жөніндегі шараларды қабылдайды» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 10-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
«пошта жəшіктерінен жинап алынған жəне (немесе)» деген сөздер алып тасталсын;
«адресатқа» деген сөз «пошта жөнелтілімін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Пошта байланысының əмбебап көрсетілетін қызметтеріне:
1) тіркелмейтін хатты жіберу бойынша көрсетілетін қызмет;
2) жаздырып алынатын мерзімді баспасөз басылымдарын тарату бойынша көрсетілетін қызмет жатады.»;
5) 11-баптың 1-тармағындағы «адресатқа» деген сөз алып тасталсын;
6) 12-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «адресатқа» деген сөз алып тасталсын;
7) 17-баптың 2-тармағындағы «ұйымдастыру Пошта» деген сөздер «ұйымдастыру уəкілетті орган бекітетін пошта» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 20-баптың 2 жəне 4-тармақтарындағы «Адресаттың пошта жөнелтілімін алғаны» деген сөздер «Пошта жөнелтілімінің табыс етілгені» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 22-бапта:
5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «пошта жəшіктерін жəне» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақтағы «215,» деген цифрлар алып тасталсын;
10) 23-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақ 4) тармақшасындағы «жүзеге асыруға құқылы.» деген сөздер «жүзеге асыруға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдауды жəне сақтауды жүзеге асыруға құқылы.»;
11) 30-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Пошта байланысы бөлімшелерін жабу туралы шешім қабылданған кезде пошта операторы бұл туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің əкімдерін бөлімшені жабудың болжамды күнінен үш ай бұрын хабардар етеді.»;
12) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Поштоматтар
1. Поштоматтар ғимараттар мен құрылысжайларда не көппəтерлі тұрғын үйлерде орналастырылуы мүмкін.
2. Ғимараттар мен құрылысжайлардың меншік иелері не олардың сенім білдірілген адамдары пошта операторларының көрсетілетін пошта байланысы қызметтерін ұсыну мақсатында поштоматтарды орналастыруы үшін оларға шарт негізінде алаңдар бере алады.
3. Көппəтерлі тұрғын үйдің пəтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жиналыста пошта операторларының көрсетілетін пошта байланысы қызметтерін ұсыну мақсатында поштоматтарды орналастыруы үшін оларға кондоминиум объектісі мүлкінің бір бөлігін мүліктік жалдауға беру туралы шешім қабылдайды.»;
13) 35-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «пошта жəшіктеріне,» деген сөздер алып тасталсын;
14) 36-баптың 3-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Пошта жөнелтілімі адресатқа немесе оның заңды өкіліне немесе сенімхат негізінде əрекет ететін сенім білдірілген адамына не парольді (пин-кодты) енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен құқықты растау процесі арқылы адресаттың немесе жөнелтушінің келісімін алу жолымен үшінші тұлғаларға жеткізілген жəне (немесе) оны пошта операторы табыс еткен кезге дейін жөнелтушіге тиесілі болады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Пошталық ақша аударымы адресатқа жеткізілген жəне (немесе) оны пошта операторы табыс еткен кезге дейін жөнелтушіге тиесілі болады.»;
15) 37-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктегі «өзіне тиесілі пошта жəшігі немесе» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
16) 38-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Пошта операторлары пошта жөнелтілімін қабылдау немесе табыс ету алдында пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының дербес деректерді жинауға, жинақтауға, пайдалануға жəне сақтауға өтінішін (келісімін) алуға міндетті. Мұндай келісім электрондық цифрлық қолтаңба пайдаланыла отырып, электрондық түрде немесе автоматтандырылған (электрондық) құрылғылар, жабдық пайдаланыла отырып немесе «Дербес деректер жəне оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы ақпараттық жүйелер жолымен келісім алынғанын растайтын өзге де тəсілмен не қағаз жеткізгіште қол қойғызып алынады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Дербес деректерді жинауға, жинақтауға, пайдалануға жəне сақтауға келісім электрондық цифрлық қолтаңба пайдаланыла отырып, электрондық түрде немесе автоматтандырылған (электрондық) құрылғылар, жабдық пайдаланыла отырып немесе «Дербес деректер жəне оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы ақпараттық жүйелер жолымен келісім алынғанын растайтын өзге де тəсілмен не қағаз жеткізгіште қол қойғызып алынады.»;
17) 39-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «жөнелтуші мен адресатты» деген сөздер «пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыны» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 44-бапта:
1-тармақ «алушыға» деген сөзден кейін «немесе оның заңды өкіліне немесе сенімхат негізінде əрекет ететін сенім білдірілген адамына не парольді (пин-кодты) енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен құқықты растау процесі арқылы адресаттың немесе жөнелтушінің келісімін алу жолымен үшінші тұлғаларға» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
1) тармақшадағы «құндылығы сомасының» деген сөздер «құндылығының құны» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «жарияланған құндылығы бір бөлігі» деген сөздер «бір бөлігінің жарияланған құндылығының құны» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша «жарияланған құндылығы» деген сөздерден кейін «құнының» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Пошта операторы жарияланған құндылық үшін тариф төленген жағдайда құндылығы жарияланған пошта жөнелтіліміне жауапты болады.».
9. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
2-тармақтың сегізінші бөлігі «6),» деген цифрдан кейін «21),» деген цифрлармен толықтырылсын;
8-тармақ «6),» деген цифрдан кейін «21),» деген цифрлармен толықтырылсын.
1) 2024 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 2) жəне 3) тармақшаларын жəне 5-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтар - 2027 жылғы 31 желтоқсан аралығында тоқтатыла тұрсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 10 ақпан
№ 164-VIII ҚРЗ