(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАҒАЛЫ МЕТАЛДАРДЫ ЖӘНЕ ҚҰРАМЫНДА БАҒАЛЫ МЕТАЛДАР БА...
Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 422 Қаулысы
Осы редакция 2017 жылғы 22 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидасын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 тамыздағы № 924 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 709-құжат);
Редакция документа
Демо – версия документа