«Тіркеуші есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 256 Қаулысы (2018.29.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Тіркеуші есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 256 Қаулысы
(2018.29.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 263 Қаулысымен 2019 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.29.01. № 5 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.29.01. № 5 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2018 ж 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тіркеуші есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен жасалған «керi РЕПО» және «РЕПО» операциялары туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен орналастырылған салымдар мен ақша туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес шартты талаптар (міндеттемелер) туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес қаржы құралдарын аудару операциялары туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметтің қорытындылары туралы есептің нысаны;
Документ утратил силу
Демо – версия документа