(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ТЫС ЖЕРГЕ УАҚЫТША ЖҰМЫСТА...
Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 11-1-4/1 бұйрығы
(2020.03.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 26 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Сыртқы істер министрінің 2020.03.06. № 11-1-4/183 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 59-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидалары бекітілсін.
2. «Шет елдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұруға рұқсат беруді рәсімдеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 18 қазандағы № 222 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1463 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл, № 24, 419 құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
1) осы бұйрықтың заңнамада көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Редакция документа
Демо – версия документа