«Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 313 Қаулысы
«Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 313 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - КеАҚ) құрылсын.
2. КеАҚ қызметінің негізгі нысаналары жерасты су ресурстарын басқаруды цифрландыру, гидрогеология және геосүзілу модельдері саласындағы дерекқорларды және тұрақты жұмыс істейтін геоақпараттық жүйелерді, цифрлық, картографиялық дерекқорларды және Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдана отырып, оларды басқару жүйелерін құру болып айқындалсын.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміндегі республикалық мүлік есебінен КеАҚ жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) КеАҚ жарғысын бекітуді;
2) басқару органдары құрылғанға дейiн КеАҚ атынан мемлекеттiк тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға және үшiншi тұлғалардың алдында оның мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi тұлғаны сайлауды;
3) КеАҚ-ны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
4) Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және ирригация министрлігіне КеАҚ-ның мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беруді;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
Демо – версия документа