«Фитосанитариялық тәуекелге талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 72 бұйрығы
Фитосанитариялық тәуекелге талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 72 бұйрығы
«Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Фитосанитариялық тәуекелге талдау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 3 наурыздағы
№ 72 бұйрығымен
бекітілген
Фитосанитариялық тәуекелге талдау жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Фитосанитариялық тәуекелге талдау жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және фитосанитариялық тәуекелге талдау жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бөтен текті түр - Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасында жоқ, енген жағдайда елеулі экономикалық және экологиялық залал келтіруі мүмкін жәндіктің, өсімдік ауруларын қоздырғыштың және арамшөптің түрі;
Демо – версия документа