(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ М.А. 2015.26....
Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының және ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруі, сақтауы, қайтарып алуы және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 727 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруіы, сақтау, қайтарып алуы және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруі, сақтауы, қайтарып алуы және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруі, сақтауы, қайтарып алуы және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидалары бекітілсін.
Редакция документа
Демо – версия документа