Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.30.12 № 1403 ҚАУЛЫСЫ

Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1403 Қаулысы

(2015.10.09. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2016 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.

2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып;

ҚР Үкіметінің 2015.10.09. № 766 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) арнаулы ғылыми білім құралдарымен қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот-медициналық, сот-наркологиялық сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ сот-медициналық, сот-наркологиялық сараптамалар мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысаны болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;

2) әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі сот-медициналық сараптама жүргізу бойынша штат санын және материалдық-техникалық базаны заңнамада белгіленген тәртіппен беруді, ал Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі - қабылдауды қамтамасыз етсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку