(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.30.12 № 1403 ҚАУЛЫСЫ
Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1403 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып;
2) арнаулы ғылыми білім құралдарымен қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот-медициналық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ сот-медициналық сараптама мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
2) әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі сот-медициналық сараптама жүргізу бойынша штат санын және материалдық-техникалық базаны заңнамада белгіленген тәртіппен беруді, ал Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі - қабылдауды қамтамасыз етсін.
Редакция документа
Демо – версия документа