(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКО...
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1321 Қаулысы
(2019.13.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2019.10.04. № 176 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту проблемаларын шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2019.10.04. № 176 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2018.06.12. № 806 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.10.04. № 176 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары мен ұйымдары (келісу бойынша) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етіп, жылдың қорытындылары бойынша 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
ҚР Үкіметінің 2018.06.12. № 806 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындылары бойынша 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі № 865 қаулысы;
Редакция документа
Демо – версия документа