(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ...
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 Қаулысы
(2017.15.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 17 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің обаға қарсы станциялары - мемлекеттік мекемелері;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары;
Редакция документа
Демо – версия документа