«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының, холдингтердің және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін келісу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлтық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 102 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының, холдингтердің және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін келісу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлтық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 102 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 26 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6167 тіркелген, 2010 жылғы 26 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 439-442 (26285) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7561 тіркелген, 2012 жылғы 4 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 464-470 (27543) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларында және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа