«Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 34 Қаулысы (2023.28.03. берілген өзгерістермен)
«Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 34 Қаулысы
(2023.28.03. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҰКҒО» КеАҚ) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің азаматтарына кардиология, интервенциялық кардиология, кардиохирургия және аралас бейіндер саласында жоғары мамандандырылған, мамандандырылған, амбулаториялық-емханалық, стационарлық, стационарды алмастыратын және өзге де медициналық көмек көрсету «ҰКҒО» КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.
3. «ҰКҒО» КеАҚ жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) «ҰКҒО» КеАҚ жарғысын бекітуді;
2) «ҰКҒО» КеАҚ атынан құжаттарды мемлекеттік тіркеу үшін қол қоюға, қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және «ҰКҒО» КеАҚ органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында олардың мүддесін білдіруге уәкілетті тұлғаларды сайлауды;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне «ҰКҒО» КеАҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беруді;
4) осы қаулының 3-тармағынан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының 1 және 4-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін «ҰҒКО» КеАҚ оған «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» акционерлік қоғамын қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Демо – версия документа