Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨРКЕН» АКЦИОНЕРЛІК КОҒАМЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСП...

«Өркен» акционерлік коғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 452 Қаулысы

(2015.28.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Орта білім беру жүйесін жетілдіру және оқушылардың зияткерлік қабілетін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Өркен» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары:

«20 Тұңғыш Президенттің зияткерлік мектебі» жобасы шеңберінде жалпы білім беретін мектептердің желісін құру және қызметін қамтамасыз ету;

жалпы білім беру саласына инновациялық технологияларды енгізу болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 1 323 435 000 (бір миллиард үш жүз жиырма үш миллион төрт жүз отыс бес мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражат есебінен қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;

2) қоғамның жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беруді;

4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку