(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНДЕГІ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ОҚУ, ҒЫ...
Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге геологиялық ақпаратты әкету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 385 бұйрығы
Осы редакция 2017 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 32-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Мемлекет меншігінде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкету қағидалары бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:
1) осы бұйрықтың заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа