«Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 531 бұйрығы
«Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 531 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысаны бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанындағы мына нысандар:
бұйрықтарды тіркеу кітабы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
орта білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі хаттамаларының кітабы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің жеке құрамын есепке алу кітабы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
білім алушыларды жазатын алфавиттік кітап осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
№ жеке іс қағазы осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
1-4-сыныптарға арналған сынып журналы осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
5-11 (12)-сыныптарға арналған сынып журналы осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
факультативтік сабақтардың журналы осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Демо – версия документа