Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 105 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)

«Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 105 Қаулысы

(2015.28.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрi - серіктестік) құрылсын.

2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні Щучинск-Бурабай курорттық аймағының аумағындағы Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының объектілерін ұстау және пайдалану болып белгіленсін.

3. Серіктестіктің жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен бірлесіп (келісім бойынша), заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) серіктестік жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын беруді;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 3 наурыздағы

№ 105 қаулысына

қосымша

 

 

«Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

жарғылық капиталын төлеуге берілетін мүліктің

тізбесі

 

Р/с

Мүлік атауы

Орналасқан жері

Өлшем бірлігі

Саны

Нөмірі

ш. метр

дана

түгендеу

тіркеу

1

2

3

4

5

6

7

8

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» ММ теңгерімінен берілетін мүлік тізбесі

«Щучье көлінің жағалауын абаттандыру (жалға беру және қоғамдық тамақтандыру объектілері бар велосипед, жаяу жүргіншілер жолдары мен шаңғы трассалары)» объектісі

1

Ыдыс жуғыш машина

Ақмола облысы, Бурабай ауданы

 

дана

1

236009002843

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции