«2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушілердің дербес есеп шоттарында есептелген және 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 68 бұйрығы (күші жойылды)
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушілердің дербес есеп шоттарында есептелген және 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 68 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 944 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 32-2-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушілердің дербес есеп шоттарында есептелген және 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесіне жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қаржы министрінің
2015 жылғы 5 ақпандағы
№ 68 бұйрығымен
бекітілген
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушілердің
дербес шоттарында есептелген және 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай
бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару
қағидалары
Документ утратил силу
Демо – версия документа