(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.17.09 № 977 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70 Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидалары, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 977 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидалары, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін (бұдан әрі - өткізу пункті) ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру тәртібін, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа