«Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техника үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына лизинг төлемдерін есептеу әдістемесін және төлеу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 322 бұйрығы (күші жойылды)
Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техника үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына лизинг төлемдерін есептеу әдістемесін және төлеу тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 322 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 627 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесінің 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техника үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына лизинг төлемдерін есептеу әдістемесі және төлеу тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны мемлекеттік тіркеген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, ресми жариялануға тиіс және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы |
С. Жақыпова |
Документ утратил силу
Демо – версия документа