(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.31.01 № 71 ҚАУЛЫСЫ
Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 71 Қаулысы
(2013.30.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2013.30.11. № 1297 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мыналар:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары - медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі бөлігінде медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар айқындалсын.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 31 қаңтардағы
№ 71 қаулысымен
бекітілген
Медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын
біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың
тізбесі
Р/с № | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Біліктілік талаптарын растайтын құжаттар | Ескертпе | |
1 | 2 | 3 | 4 | |
Медициналық қызмет үшін |
Редакция документа
Демо – версия документа