(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.13.05 № 703 ҚАУЛЫСЫ
Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 703 Қаулысы
(2014.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2013.23.09. № 993 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 150-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 279 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 14, 124-құжат).
2) «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 мамырдағы № 415 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 18, 170-құжат).
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2014.15.07. № 792 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 13 мамырдағы
№ 703 қаулысымен
бекітілген
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы
экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызмет
түрлері бойынша өзі өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің)
Редакция документа
Демо – версия документа