«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 2-ө Өкімі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 2-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 2-ө өкімімен бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық немесе құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Кедендердің, кеден бекеттерінің және Кеден одағының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдары нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині | 2015 жылғы қаңтар |
Демо – версия документа