(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.07.10 № 1060 ҚАУЛЫСЫ
Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлерін және олардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлері;
2) ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 7 қазандағы
№ 1060 қаулысымен бекітілген
Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу
критерийлері
Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлері мыналар болып табылады:
1) концессия объектісінің техникалық күрделілігі*;
2) концессиялық жобаны әлеуметтік маңызы бар санатқа жатқызу;
Редакция документа
Демо – версия документа