Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 257 Қаулысы (2016.28.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 257 Қаулысы

(2016.28.01. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 240 Қаулысымен 2020 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Қ. Келімбетов

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 257 қаулысымен

бекітілді

 

 

Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу
қағидалары

 

1. Осы Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) макропруденциялық реттеуді жүзеге асыру шегінде қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу тәртібін айқындайды.

2. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) жүйе құраушы банк - тұрақты жұмыс істеуіне елдің тұтастай қаржы жүйесінің немесе оның жекелеген сегменттерінің тұрақтылығы байланысты болатын банк;

2) жүйе құраушы инфрақұрылымдық қаржы ұйымы - тұрақты жұмыс істеуіне бағалы қағаздар нарығының тұрақтылығы байланысты болатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

3) инфрақұрылымдық қаржы ұйымы - бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтердің мына түрлерінің бірін:

бағалы қағаздармен және басқа өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыруды;

депозитарлық қызметті;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции