«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы электрондық және қағаз жеткізгіштегі акт жазбаларының, куәліктер мен анықтамалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығы (2022.09.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы электрондық және қағаз жеткізгіштегі акт жазбаларының, куәліктер мен анықтамалардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығы
(2022.09.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Әділет министрінің 2022.21.09. № 794 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Әділет министрінің 2022.21.09. № 794 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 181-6абы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Әділет министрінің 2022.21.09. № 794 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
2) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
4) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
5) тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін туу туралы куәліктің осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
6) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін неке қию (ерлі-зайыптылықты) туралы куәліктің осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
7) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
8) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде берілетін қайтыс болу туралы куәліктің осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес электрондық нысаны;
Демо – версия документа