(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІНІҢ 2014.17.10 № 3...
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 38 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 20 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін (бұдан әрі - Ереже).
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2014 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 13-тармағының 9) және 10) тармақшаларын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мұхамедиұлы |
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 17 қазандағы
№ 38 бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің
ережесі
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа