«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы 17 қазандағы № 38 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 13 бұйрығы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы 17 қазандағы № 38 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 13 бұйрығы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығымен күші жойылды
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1440 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы 17 қазандағы № 38 Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің бұйрығына (№ 9823 нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Комитеттің функциялары:
1) тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және келісім шарттарды әзірлеу;
2) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге белгіленген заңнамалық тәртіпте құқықтық мониторинг жүргізу;
3) Комитет өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
4) Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидатын сақтауды қамтамасыз ету;
5) Комитеттің құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiндiру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Документ утратил силу
Демо – версия документа