Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі даярлығы клубтары қызметінің қағидалары (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 6-қосымша) (2018.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

2014 жылғы 22 қарашадағы

№ 106 бұйрығымен бекітілген

6-қосымша

 

 

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.19.09. № 263 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі

 жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі даярлығы клубтары қызметінің

қағидалары

(2018.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.19.09. № 263 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.19.09. № 263 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі даярлығы клубтары қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағида) балалар- жасөспірімдердің дене тәрбиесі даярлығы клубтарының (бұдан әрі - клуб) қызметін реттейді.

2. Клубтың басты мақсаттары:

1) дене шынықтыру және спортпен шұғылдану арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру;

2) тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашу арқылы жан-жақты дамуы үшін жағдайлар жасау;

3) балаларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;

4) олардың денсаулығын және дене тәрбиесін нығайтуға бағытталған балалар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.

 

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.19.09. № 263 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2-тарау. Клубтың қызметі

 

3. Спорт түрлері бойынша секциялар (бұдан әрі - секциялар) клубтың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Секцияларды ұйымдастыру клубтың педагогикалық кеңесі бекітетін оқу жоспарымен немесе жылдық күнтізбелік жоспармен және оқу кестесімен реттеледі.

4. Клубтың жұмыс уақыты ішкі тәртіп ережелерімен анықталады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции