(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) СПОРТ РЕЗЕРВІН ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ СПОРТШЫЛАРДЫ ДАЯ...
Осы редакция 2018 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы
№ 106 бұйрығымен бекітілген
6-қосымша
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау
жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар мен
жасөспірімдердің дене даярлығы клубтарының қызметі
қағидалары
1. Осы Балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубының қызметін ұйымдастырудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубтарының (бұдан әрі - клуб) қызметін реттейді.
1) дене шынықтыру және спортпен шұғылдану арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру;
2) тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашу арқылы жан-жақты дамуы үшін жағдайлар жасау;
3) балаларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;
4) олардың денсаулығын және дене тәрбиесін нығайтуға бағытталған балалар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.
3. Спорт түрлері бойынша секциялар (бұдан әрі - секциялар) клубтың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Секцияларды ұйымдастыру клубтың педагогикалық кеңесі бекітетін оқу жоспарымен немесе жылдық күнтізбелік жоспармен және оқу кестесімен реттеледі.
4. Клубтың жұмыс уақыты ішкі тәртіп ережелерімен анықталады.
5. Секциялардың жұмысы жұмыс жоспарына қарай толық күнтізбелік жылға ұйымдастырылады.
Жазғы демалыс кезінде секциялар арнайы кесте бойынша жұмыс істей алады.
6. Секциялардың толықтығы келесі талаптардың ескерілуімен жүзеге асырылады:
1) секциялардың сандық құрамы спорт түріне байланысты анықталады;
2) бір топтағы балалардың жас айырмашылығы үш жастан аспауы қажет;
3) топтың саны клубтың жарғысына сәйкес оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асырудың шарттарына байланысты анықталады.
7. Кестені жасаған кезде оқу орындарындағы оқушыларының бос уақыты мен жұмыс бастылық көлемін ескеру қажет.
Редакция документа
Демо – версия документа