Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидалары (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 5-қосымша) (2018.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы
№ 106 бұйрығымен бекітілген
5-қосымша
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.19.09. № 263 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің
қағидалары
(2018.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.19.09. № 263 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.19.09. № 263 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Спорт резервін жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу жаттығу процесі жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) жоғары спорт шеберлігі мектептері (бұдан әрі - ЖСШМ) қызметінің тәртібін анықтайды.
2. ЖСШМ республикалық, облыстық және қалалық (аудандық) мәртебесі болуы мүмкін.
3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) спорт түрлері бойынша бөлімшесінің аға жаттықтырушы-жаттықтырушылар құрамына жалпы басшылықты (толық жүктемесі бар үштен кем емес жаттықтырушылар-оқытушы) iске асыратын және оқыту қызметiмен тiкелей айналысатын спорттан жаттықтырушы;
2) спорттық жетiлдiру топтары - оқу-жаттығу топтарында дайындықтан өткен және мынадай атақтар мен разрядтарды орындаған спортшылар топтары:
спорттың ойын түрлерiнен, көкпардан, коньки тебу спортынан, жеңiл атлетикадан - 1-спорттық разряд;
спорттың басқа түрлерiнен - «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үмiткер»;
3) жоғары спорт шеберлiгi топтары - спорттық жетiлдiру топтарында дайындықтан өткен және мынадай спорттық атақтар мен разрядтарды орындаған спортшылар топтары:
спорттың ойын түрлерiнен, көкпардан, коньки тебу спортынан, жеңiл атлетикадан - «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үмiткер»;
спорттың басқа түрлерiнен - «Қазақстан Республикасының спорт шеберi»;
Демо – версия документа