Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) СПОРТ РЕЗЕРВІН ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ СПОРТШЫЛАРДЫ ДАЯ...

Осы редакция 2018 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

2014 жылғы 22 қарашадағы

№ 106 бұйрығымен бекітілген

5-қосымша

 

 

Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі

оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын жоғары

спорт шеберлігі мектептерінің қызметі

қағидалары

(2016.19.05. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің (бұдан әрі - ЖСШМ) қызметін ұйымдастыру тәртібін анықтайды.

2. ЖСШМ республикалық, облыстық және қалалық (аудандық) мәртебесі болуы мүмкін.

3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

1) спорт түрлері бойынша бөлімшесінің аға жаттықтырушы-жаттықтырушылар құрамына жалпы басшылықты (толық жүктемесі бар үштен кем емес жаттықтырушылар-оқытушы) iске асыратын және оқыту қызметiмен тiкелей айналысатын спорттан жаттықтырушы;

2) спорттық жетiлдiру топтары - оқу-жаттығу топтарында дайындықтан өткен және мынадай атақтар мен разрядтарды орындаған спортшылар топтары:

спорттың ойын түрлерiнен, көкпардан, коньки тебу спортынан, жеңiл атлетикадан - 1-спорттық разряд;

спорттың басқа түрлерiнен - «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үмiткер»;

3) жоғары спорт шеберлiгi топтары - спорттық жетiлдiру топтарында дайындықтан өткен және мынадай спорттық атақтар мен разрядтарды орындаған спортшылар топтары:

спорттың ойын түрлерiнен, көкпардан, коньки тебу спортынан, жеңiл атлетикадан - «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үмiткер»;

спорттың басқа түрлерiнен - «Қазақстан Республикасының спорт шеберi»;

4) тұрақты құрам - ЖСШМ-де тұрақты түрде жаттықтырылатын және директордың бұйрығымен ЖСШМ-ның контингентіне қабылданған спортшылар;

5) ауыспалы құрам - оқу-жаттығу жиына және жарыстарға шақырылатын, және ЖСШМ штатында жұмыс істемейтін жаттықтырушылармен тұрақты түрде шұғылданатын спортшылар.

4. ЖСШМ құру үшін мына міндетті талаптар болуы керек:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку