(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2013.27.08 № 227 ҚАУЛЫСЫ
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 227 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мына:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша зейнетақы активтерінің құны туралы есеп;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есеп;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сыртқы басқарудағы активтер туралы есеп;
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының/алушылардың зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының саны туралы есеп;
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының/алушылардың зейнетақы жинақтарының көлемі және саны туралы есеп;
7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары салымшыларының/алушылардың зейнетақы жинақтарының көлемі және саны туралы есеп;
8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының облыстары бойынша (салымшының/алушының тұрғылықты жері бойынша) міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының /алушылардың зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының саны туралы есеп;
9) осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша зейнетақы төлемдері туралы есеп;
10) осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп;
11) осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншікті активтер есебінен жасалған «кері РЕПО» және «РЕПО» операциялары туралы есеп;
Редакция документа
Демо – версия документа