«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1450 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1450 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 159-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық мемлекеттік мекеме - «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» құрылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру 2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1450 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік
кірістер комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі
Демо – версия документа