Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына 2-қосымша) (2023.08.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 2 желтоқсандағы

№ 862 бұйрығына 2-қосымша

 

 

Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау

қағидалары

(2023.08.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2018.20.04. № 310 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымдарында (бұдан әрі — оқу ұйымдары) механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді (бұдан әрі — жүргізушілер) даярлау тәртібін айқындайды.

1-1. ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2023.20.07. № 591 бұйрығымен алып тасталды (2023 ж. 8 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

ҚР Ішкі істер министрінің 2018.20.04. № 310 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2023.20.07. № 591 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 8 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жүргізушілерді даярлау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «А», «В», «С», «D», «ВЕ», «СЕ», «DЕ», «Tm», «Tb» санаттарындағы және «A1», «В1», «С1», «D1», «С1Е», «D1Е» кіші санаттарындағы механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлаудың үлгі бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

3. «А», «В», «С», «D», «ВЕ», «СЕ», «DЕ», «Tm», «Tb» санаттарындағы және «A1», «В1», «С1», «D1», «С1Е», «D1Е» кіші санаттарындағы механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау медициналық куәландырудан өткен және медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдардың қатарынан жүзеге асырылады.

ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2017.26.09. № 646 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции