«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 310 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 310 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің мынадай бұйрықтарына:
1) «Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 383 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9635 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 132 (2700) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Жою мерзімі өткеннен кейін ұйғарымның орындалуы ұйғарымда көрсетілген автомобиль жолының километрлеріне қайта тексеру жүргізу жолымен тексеріледі. Қайта тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп беру кезеңінде пайдаланылатын автомобиль жолдарының тәуекел дәрежесін бағалау барысында анықталған ескертулерді жою туралы ұйғарымның орындалуын тексеру актісі толтырылады.
Егер анықталған дефектілер берілген ұйғарымда көрсетілген мерзімдерде жойылмаса, осындай дефектілер тіркелген автомобиль жолы бойынша тәуекелдер дәрежесінің бағасын бір баллға төмендету жүргізіледі және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады.»;
1-қосымшаның 2-бөлімі:
мынадай мазмұндағы реттік № 2.13-жолмен толықтырылсын:
«
2.13 | Жиектеме | Жол жиегімен түйіскен кезде құрылымдық қабаттың құрылғы технологиясының бүлінуі себебінен жиектеменің нақышталуының немесе үгілуінің нәтижесінде өткелдің немесе бекіткіш жолақ жиегінің бүлінуі |
»;
Демо – версия документа