(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫ 25.11.00 Ж. № 428 ҚАУЛЫСЫ
Банктердің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасы 2000 ж. 25 қарашадағы № 428 Қаулысы
(2012.26.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР ҰБ Басқармасының 22.06.04 ж. № 99 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшамен жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесi бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесін (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа